Жақсы ауданында «Өмірге ғашықпын» концерттік бағдарламасымен «Сәт» тобы
Жақсы ауданында «Өмірге ғашықпын» концерттік бағдарламасымен «Сәт» тобы Атақты қазақстандық «СӘТ» тобы Аудандық Мәдениет Үйiнде концерттiк бағдарламасымен өнер көрсеттi. Шымкент қаласының талантты балалары өздерiнiң музыкалық мансаптарын бастағанына 10 жыл толды. Өздерi зағип жандар бола тұра, дуэт Қазақстанның көптеген облыстарында гастрольдiк сапарда болып, халықты өнерлерiмен тәнттi еткен талант иелерi. Жас солисттердiң орындауында көптеген әндер айтылды және әндердiң авторлары олардың өздерi болып табылады. Жас орындаушыларды қолдау мақсатында Ауйдандық Мәдениет Үйiнiң залында аудандық ұйымдар мен мекемелер ұжымдары жиналды. Мемлекеттiк архив қызметкерлерi де жарқын, көңiлдi сонымен қатар жан тебiрентер қойылымға куә болды.
Мақаланың шыққан күні: 10.10.2016
Қаралым саны: 3674