A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жеке тектік қорлар туралы

Жеке тектiк қорлар құру– мемлекеттiк мұрағаттар қызметiнiң ең маңызды аспектiлерiнiң бiрi,. Жеке мұрағаттардағы құжаттар азаматтың жеке өмiрi арқылы көптеген оқиғалар мен фактiлердiң дамуын көруге мүмкiндiк беретiн, азаматтардың бағалы тарихи көзi болып. Жеке мұрағаттарды сақтай отырып, өз еңбегiмен бiздiң өлкеде аймағымыздың даңқын шығарған, үздiк замандастарымыз, жерлестерiмiз туралы мәңгiлiк естелiктер сақталады. Қазақстанда соңғы жылдары, адамдардың олардың отбасыларының өткенiне деген қызығушылық үздiксiз өсуде, сондықтан өмiрбаяны қызықты адамдардың ынтымақтастыққа тарта отырып, бұл мұраны тек сақтап қана қойма, жинауымыз қажет. Отбасылық құжаттарды сақтауға беруi — демек,өз жақындары туралы естелiктердi мәңгi есте сақтау. Мұрағатқа сақтауға иесiмен (меншiк иесiмен) берiлген құжаттар, жеке тектiк қор құжаттары болып табылады,. Қорды құрушымен жасалған, сондай-ақ басқа да тұлғалар мен ұйымдардан алынған, жеке тұлғаның, отбасының, рудың өмiрi мен қызметiн қамтитын құжаттардан тұратын деректi материалдар жеке қорларды құрайды. Ұлы Отан соғысы жылдарында бiздiң жерлестерiмiздiң Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл ардагерлерi, блокадашылар, концлагер туралы куәландыратын ерлiгi бар құжаттар ерекше құнды болып саналады. Жеке тектi құжаттарды жинақтауды Жақсы ауданының мемлекеттiк мұрағаты 1990 жылы бастады және бүгiнгi күнге дейiн жалғастыруда. Қазiргi уақытта мемлекеттiк мұрағат қорында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, еңбек ардагерлерiнiң, еңбегi сiңген бiлiм беру қызметкерлерiнiң, ауданымыздың құрметтi тұрғындарына қатысты жеке тектiк құжаттар коллекциясы сақталуда. Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң құжаттар коллекциясында, өмiрбаян, орден кiтапшалары, марапаттарының куәлiгi, әскери билеттер, құрмет және алғыс хаттар, соғысқа дейiнгi және соғыстан кейiнгi туысқандарымен, бiрге соғысқандармен әскери хат алмасулар, анықтамалар және ардагерлер өмiрбаяндарына басқа да құжаттар, әскери қызметшiлердiң, ардагерлердiң және т. б. фотосуреттерi сақталған. Қор құрушы болуы мүмкiн: жетекшi ауыл шаруашылығы, өндiрiстiк кәсiпорындар басшылары; шығармашылық қызметкерлер; КСРО және Қазақстан Республикасы ордендерiмен және медальдарымен марапатталға тұлғалар; Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерi, қарулы қақтығыстарға қатысушылар; " Құрметтi қызметкер", "Еңбек сiңiрген қызметкер" атағын иеленген әртүрлi сала 2 қызметкерлерi (дәрiгерлер, мұғалiмдер, мәдениет қызметкерлерi, ауыл шаруашылығы және т. б.); жұмыскер әулетiнiң өкiлдерi. Жеке тектiк қорына әр түрлi құжаттар тобы жатқызылуы мүмкiн:өмiрбаяндық құжаттар; шығармашылық немесе қызметтiк құжаттар; қоғамдық қызмет; хат алмасу; қор құрушы туралы құжаттар; отбасы мүшелерi мен басқа да тұлғалардың құжаттары; фотовидеоқұжаттар; қор құрушымен жиналған коллекция. Жақсы ауданының мемлекеттiк мұрағаты отбасылық мұрағаттарында сақтаудағы жеке құжаттары бар, соғыс қатысушыларына, тыл еңбеккерлерiне, соғыста және бейбiт уақытта қаза тапқандардың балаларына мен немерелерiне, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына, аудан тұрғындарына жүгiнедi Мемлекеттiк мұрағат өте құнды құжаттардың сақталуын және пайдалануын қамтамасыз етуге кепiлдiк етедi. Құрметтi жерлестер! Отбасылық мұрағатты тастамаңыздар. Оларды бiзден кейiнгiлерге, өздерiңiздiң ұрпақтарыңыз үшiн сақтаңыздар.

«Жақсы жаршысы» газетi 2016. 14.03. №14


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 25.05.2016 11:36

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»