A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» КММ 2017 жылға жүмыс жоспары

1.Қазақстан Республикасының ҰМҚ құжаттарын мемлекеттiк тiркеу және сақталуын қамтамасыз ету

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында архивтi техникалық жарықтандыру және материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс жалғастырылады. Қағаздық негiздегi құжаттардың 175 сақтау бiрлiгiнiң физикалық жағдайы жақсартылады, оның iшiнде 890 парақ қалпына келтiрiледi, 25 бiр.сақт. — түптеу және тiгу. (№ 1 қосымша).

862 iстер картондаумен қамтылады ( № 2 қосымша)

10 парақ — тозған мәтiндi қалпына келтiру (№ 3 қосымша)

Басқару құжаттамасы және жеке құрам бойынша құжаттардың iшiнде 848 iстердiң барын және жай-күйiн тексеру жоспарланды (№ 4 қосымша).

3 қорда — басқару құжатаманың құжаттарды салыстырып тексеру (№ 5 қосымша).

2.ҚР ҰМҚ қалыптастыру. Ұйымдастырушылық-әдiстемелiк ведомстволық архивтердi және мекемелер мен ұйымдарда iс жүргiзуде құжаттарды басқару

2018 жылы толықтыру көздерi және әлеуеттi толықтыру көздерiнiң тiзiмiн жаңарту жұмысы iстелетiн болады.

Мекемелермен есепке алу, құжаттарды пайдалану және сақау, iс жүргiзүдi ұйымдастыру, құжаттарды ғылыми- техникалық өндеу бойынша кеңес беру, тiзiмдемелер жасау, iстер номенклатурасы және басқа да мәселелерi бойынша жұмыс жалғастырылады.

Бiр жылдың iшiнде жоспар бойынша ұйым-толықтыру көзiнiң құжаттарын мемлекеттiк сақтауға басқару құжаттаманың 660 iстерiн қабылдау жүзеге асырылады (№ 6 қосымша).

Жоспарланған:

 — фотоқұжаттарды қабылдау: Жақсы ауданының тарихынан 50 сақ.бiр.

 — жеке басының құжаттарды қабылдау — 20 сақ. бiр.

 — 3 iстер номенклатурасын жетiлдiру: «Жақсы ауданының жер қатынастар бөлiмi» ММ, «Жақсы аудандық қазынашылық басқармасы» ММ, «Мамандандырылған Жақсы БЖСМ» КММ.

2018 жылға құжаттарды тапсыру кестесiне енгiзiлген мекемелермен ведомстволық сақтау сұрақтары және iс жүргiзу бойынша келесi тақырыптарға 4 семинар өткiзiледi: «Мемлекеттiк ұйымдарда құжаттандыру, құжаттарды дайындау мен рәсiмдеу тәртiбi туралы», "Құжаттама құндылығына сараптама жүргiзудiң тәртiбi туралы, құжаттардың iстер тiзiмдемесiн жасаудың және құжаттарды тұрақты сақтауға мемлекеттiк архивке тапсыру тәртiбi туралы». Архивтiк анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету туралы 4 семинар және 4 акция өткiзу жоспарланады.

3. Ғылыми ақпарат және құжататрды пайдалану

Заңнамада белгiлiнген тәртiппен азаматтардың, мекемелер мен ұйымдардың ақпараттық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында, «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарт регламентi сұраныстарды уақтылы және сапалы орындалуына ерекше назар аударылатын болады.

2

Аталған бағытта «Архивтiк анықтама беру» мемлекеттiк қызметтi көрсету туралы 4 мақала, ақпараттық мазмұнда iс жүргiзу бойынша «Ұлттық архив қорының құжаттарын тұрақты сақтауға мемлекеттiк мұрағатқа беру тәртiбi туралы»; мемлекеттiк архив құжаттары негiзiнде -3 мақала: жеке тектiк қордан тың игерушiлер, тыл еңбеккерлерi туралы материалдары бойынша мақалалар жариялау жоспарланған. (№ 7 қосымша).

Жақсы ауданының еңбек ардагерлерiн, ҰОС ардагерлерiнiң жеке тектiк құжаттары бойынша Жақсы ауылының мектеп оқушылары үшiн көрме өткiзу жоспарланып отыр.

Жақсы а. мектептерiнiң оқушыларымен «Жақсы ауданының тарихынан», «Алғашқы тың игерушiлер туралы» тақырыптарында шолу экскурсиясын өткiзу жоспарланған.

Жақсы ауданының мемлекеттiк архивiнiң сайтында архив қызметi туралы ақпарат мезгiл-мезгiл жаңартылады.

4.Ғылыми- техникалық ақпарат. Кадрладың бiлiктiлiгiн арттыру. Ұжымның әлеуметтiк дамуы

Архивтiк iсi мәселелерi бойынша архив қызметкерлерiмен жаңа нормативтiк-құқықтық құжаттар, нұсқаулықта мен ұсынымдар зерттеу бойынша жұмысы жалғасатын болады.

Басқармамен ұйымдастырылған есепшi-архивист Көкшетау қ. «Ақмола облысы әкiмдiгiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта дайындау және бiлiктiлiгiн жетiлдiру аймақтық орталығы» арттыруға жiберу жоспарланады.

Жүктеу (DOCX 30 Kb)


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.01.2018 12:55

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»