A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәжірибе-жастарға көмек

Бiздiң ауданда, кiмнiң өмiрлiк тәжiрибесi жас ұрпаққа үлгi болатын көптеген адамдар бар. Олардың бiрi-Нурикамал Асатқызы Усина. Жақында ғана, бiзбен, Жақсы ауданы мемлекеттiк мұрағат мамандарымен, тектiк қорды оның жеке басының құжаттарымен толықтыру бойынша жұмыс басталды.

Нурикамал Асатқызы  — Целиноград облысы, Атбасар қ. қарапайым отбасында дүниеге келген. Дәрiгер болуды бала кезiмнен армандайтынмын және Қима орта мектебiн аяқтаған соң, бiрден түстi Целиноград медициналық институтына оқуға түстi.

1975 жылы оқу орнын тәмамдаған соң, жас маман Усина Н. бөлу бойынша Жақсы аудандық ауруханасына интернатура өту үшiн және дерматовенеролог дәрiгерi ретiнде жұмысқа келедi. 1987 жылдан бастап Нурикамал Асатқызы — терапевт дәрiгерi болып ауыстырылды, содан кейiн емханада бас дәрiгердiң орынбасары болды. 2007 жылы Жақсы аудандық емханасының бас дәрiгерi болып тағайындалған, емхана мен аурухананы бiрiктiрген кезде, Нурикамал Асатқызын аудандық аурухана бас дәрiгерiнiң ұйымдастыру — әдiстемелiк жұмыстар бойынша орынбасары етiп тағайындады.

Н.Усинаның дәрiгер ретiнде қалыптасуына Т.Ө. Қыздарбекова, Л.И. Бирюкова, Л.И.Куприянова үлкен көмек және қолдау көрсеттi.

Нурикамал Асатқызының басты сипаты- дәрiгерлiк борыш алдындағы жауапкершiлiгiн терең сезiне бiлуi болатын. Ол жұмысы мен үйiнiң, барша туыстарына, оған жақын адамдар мен өзiнiң емделушiлерiне қашанда қамқор бола бiлдi. Нурикамал Асатқызы әрiптестерiнiң, ауыл тұрғындарының арасында үлкен беделге ие.

Нурикамал Асатқызы ұзақ жылдар бойы қызметiнде хирург, профессор С. К. Рахимов, дәрiгерлер — Т. Б. Муслаева, Огий С. Ж., медбикелер Әлiбекова Н. М., Ми З. А. және көптеген т. б. туралы зор ықыласпен, шынайы сөздермен, жақсы пiкiрде. Олармен ол өзiнiң кәсiби қызметiнiң ауыр жолын жүрiп өттi.

Н.Усина туралы аудандық аурухананың бас дәрiгерi Л. В. Бруй былай дейдi: "Усина, Н. А. өзiн жұмыс барысында, икемдi, дер кезiнде дұрыс шешiм қабылдай алатын, бiлiктiлiгi жоғары, сауатты маман ретiнде көрсеттi. Өз бiлiмдерiн ол белсендi түрде қолданды, қатысып, жас дәрiгерлер мен орта медициналық қызметкерлер құрамынның кәсiби қалыптасуына тәлiмгерлiк көмек көрсеткен. Пациенттерге қатысты бiрбеткей, бiрақ, сонымен қатар, мейiрiмдi, қайырымды дәрiгер. Ол жұмысын тиiстi, реттi деңгейге қоюға, ұйымдасқан түрде, қажетсiз қарбалас пен қазбалықсыз атқаруды, қажетiнi талап ете бiлдi, сонымен қатар өзiерекше еңбекқор бола отырып, әрiптестерiне өнеге болды. Мұндай дәрiгерлер өте қажет".

2014 жылы 39 жылғы дәрiгерлiк қызметiне кейiн Усина Н. А. құрметтi демалысқа шықты, тұтас бiр өмiрiн, адамдаға денсаулығын қайтару-мәртебелi iсiне арнады және осы уақыт аралығында бiрде-бiр таңдаған жолының дұрыстығына күмән келтiрген емес.

Жұмыстағы жоғары көрсеткiштерi үшiн, денсаулық сақтау саласында қосқан кәсiби шеберлiгi, адал және жемiстi еңбегi үшiн «Еңбек Ардагерi» медалiмен, «Құрмет грамотасымен», Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментiнiң «Құрмет грамотасымен», Ақмола облысы әкiмiнiң, Жақсы ауданы әкiмiнiң грамотасымен, "Еңбек ардагерi" медалiмен Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң көптеген грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Құдай оған керектiгiн бәрiн бердi: ақыл, жүрек, еңбексүйгiштiк, жоғары жұмыс қабiлеттiлiгi, адамгершiлiк, түсiну, адамдарға аяушылық, қиыншылықта көмек сұраған адамдарға ықылас.

Жұмысына оған зор қолдау көрсеткен отбасы екенiн атап өткен жөн. Жұбайы iшкi iстер органдарының зейнеткерi А.С.Усинмен, Нурикамал Асатқызы 40 жыл бойы бақытты некеге болып, 3 бала тәрбиеледi, ал қазiргi таңда 4 немеренiң сүйiктi ата-әжесi.

2016ж.19.06 №28 «Жақсы жаршысы» газетi


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.08.2016 10:37

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»