A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Архивтік анықтамаларын беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының өзгерістер мен толықтырулар

1. Жалпы ережелер

«Архивтiк анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi әзiрледi. (07.03.2017 № 57 )

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi «Қазақстан Республикасы Ұлттық архивi» республикалық мемлекеттiк мекемесi, орталық мемлекеттiк архивтер, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк архивтерi және олардың филиалдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi күнтiзбелiк 11 (он бiр) жұмыс күн iшiнде берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнiң құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмге ұзартады, бұл туралы қарау мерзiмi

ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде өтiнiште көрсетiлген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушы хабарландырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi — әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы келесi мәлiметтердi: жұмыс өтiлiн, жалақы мөлшерiн, жасын, отбасының құрамын, бiлiмiн, жөнiндегi мәлiметтердi растау туралы архив анықтамасы немесе олардың болмауы туралы жауап, немесе архивтiк құжаттардан куәландырылған архивтiк көшiрмелер мен үзiндiлер.

Порталда мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн алу күнi мен орны көрсетiлген хабарлама берiледi.

Мемлекеттiк қызмет ақысыз негiзде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) көрсетiледi.

Құжаттарды қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша, жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы «броньдауға» болады.

Портал арқылы — тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның уәкiлеттi өкiлi: уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

көрсетiлетiн қызметтi алушы өзi келгенде:

көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат, уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат, немесе өкiлдiң нотариалды куәландырылған сенiмхаты (жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыскерi жеке басын куәландыру үшiн құжаттың электрондық көшiрмесiн жасайды, одан кейiн оның түпнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады);

нысан бойынша толтырылған өтiнiш. Болған жағдайда сұрау салынған мәлiметтердi растайтын құжаттар немесе олардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берiледi.

көрсетiлетiн қызметтi алушы почта арқылы жүгiнгенде:

жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкiлi қол қойған, өтiнiш бiлдiрушi туралы мәлiметтер (жеке тұлға үшiн –тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жерi, заңды тұлға үшiн — оның атауы, заңды мекенжайы) көрсетiлген және сұрау салынған мәлiметтердi iздестiруге қажеттi ақпарат бар еркiн нұсқада жазылған өтiнiш. Болған жағдайда сұрау салынған мәлiметтердi растайтын құжаттар немесе олардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берiледi;

2) Мемлекеттiк корпорацияға:

уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат, немесе өкiлдiң нотариалды куәландырылған сенiмхаты және жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады, көрсетiлетiн қызметтi Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi жеке басын куәландыру үшiн құжаттың электрондық көшiрмесiн жасайды, одан кейiн оның түпнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады);

нысан бойынша толтырылған өтiнiш. Болған жағдайда сұрау салынған мәлiметтердi растайтын құжаттардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын растайтын құжаттардың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi мен Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттiк корпорацияда мемлекеттiк қызметтiң дайын нәтижесiн беру тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негiзiнде жеке басын куәландыратын құжат бойынша (не оның уәкiлеттi өкiлi: уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

Құжаттарды Мемлекеттiк корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және қолданылу мерзiмi өiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

3) порталға:

көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшiрмелерi қоса берiледi.

Портал арқылы жүгiнген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алатын күнi, уақыты мен орны көрсетiлген хабарлама жолданады.

3.Қызметтi берушiлiрдiң шешiмдерiн шағымдану тәртiбi мен мекенжайлары:

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда шағым Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не Министрлiк басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайына берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң телефоны: 74-04-85

Шағым қолданыстағы заңнамада көрсетiлген жағдайларда, жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде, не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына түскен шағым тiркелген күнiнен бастап 5 ( бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

«Жақсы жаршысы» № 31 газетi 07.08.2017


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.08.2017 09:59
@2025 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»