A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қарапайым бейімділік

Мұғалiм — бiр маңызды және жауапты мамандық. Жақсы ауданының мемлекеттiк архивтiң жеке тектiк қоры бұл кәсiптiң үздiк өкiлдерiнiң бiрi Мәдина Мерекеқызы Асатовованың құжаттарымен толықтырылды.

20 жылдан астам уақытта, жақсының көптеген оқушылары Жақсы № 2 ОМ –нiң қазақ тiлi мен әдебиет мұғалiмi Мәдина Мерекеқызынан бiлiм алу бақыты мүмкiндiгiн иелендi.

Мәдина Мерекеқызы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы үлкен тату темiржолшылар отбасында дүниеге келген, онда өзара сүйiспеншiлiк, сыйластық, бiр-бiрлерiне қамқорлық , еңбекке деген құрмет үстем болды.

Өзiнiң еңбек жолын Мәдина Мерекеқызы Қарағанды облысы, Саран қ. резеңке-техникалық бұйымдар зауытында басталған. Мәдина Мерекеқызының пiкiрi бойынша: "Барлық мектеп бiтiрушi түлектерге алдымен жұмыстың қиындықтарын түсiнiп, содан кейiн қалауы бойынша мамандық таңдау пайдалы болар едi ".

1980 жылы М. Асатова Бөкетов атындағы Қарағанды университетiнiң физика факультетiне оқуға түседi. Осы жерде ол өзiнiң өмiрлiк жары заңгерлiк факультеттiң студентi Көпеев Төлеген Үкiбайұлымен танысады. Мәдина Мерекеқызы айтқандай: «Бұл университет — бiздiң отбасы үшiн маңызы зор, себебi онда бiздiң екi қызымыз да жоғарғы бiлiм алды».

1985 жылы жас Көпеевтер отбасы Торғай обласының IIБ –ның Төлеген Үкiбайұлының жолдамасы бойынша Арқалық қаласына көшедi.

Осы жерде отбасында екi үлкен қыздары дүниеге келiп, жұмыс, шығармашылық iзденiстер басталып, қиын бiрақ қызықты жылдар өтедi. Мәдина Мерекеқызы Торғай облысының IIБ-нда, кейiн балабақшада, орта мектепте қызмет атқарып Рубцова Н., Цай А.А., Золотарева О.Д., Захарья Н.С. сияқты тамаша адамдармен танысады және кейiпкерiмiз аса жылулықпен Ақшабаевтар отбасы туралы еске алады. Олар Руслан Борисович және Айткүл Абдрахманқызы жайында: «Олар менiң балаларым үшiн екiншi ата-аналары болды. Олар қарағанды қ. Тұрса да отбасыларымызбен қазiргi күнге дейiн тату-тәттi араласып келемiз. 90-шы жылдардың қиын қыстау жылдары бiздердi жақындатып, туысқандарға айналдырды.»

90-шы жылдардың соңында, заман ағымына сай М.М. Асатова Бөкетов атындағы Қарағанды педагогикалық университетiн "Филология" факультетiн қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмi бойынша аяқтап, мамандығын қайта өзгерттi .

Мектепте педагогикалық тәжiрибесiз, қолдаусыз жұмыс iстеудi бастап кету қиынға соқты. Тәлiмгер- ол жаңадан келген маманға көмектесушi алғашқы жақын адам. Мәдина Мерекеқызы аса зор құрметпен өзiнiң тәлiмгерлерi: К.Н. Түктiбаева, С.Х. Уәлиева, М.Г. Ахметова, А.А. Ысқақова, С.К. Жамбаева жайлы еске алады: «Осы педагогтердiң арқасында мен педагогикалық және шығармашылық бастамалардағы қиындықтарды ұмыттым».

Жылдар өте келе жас ұстаздарға Мәдина Мерекеқызы өзi тәлiмгерлiк етуде. Қазiргi таңда ол жас мамандар бiрнеше жылдық еңбек өтiлдерi бола тұра, Мәдина Мерекеқызы жайлы аса бiр жылулықпен, құрметпен айтады.

Жапимова Ақбота Әлiмқызы, қазақ тiлi мен әдебиетiнiң мұғалiмi: «Көп нәрсе Жұмыс барысында мен көп нәрсенi өзiмнiң тәлiмгерiмнен аламын. Мәдина Мерекеқызы — нағыз ұлағатты Ұстаз. Ол тек оқушылар үшiн педагог ғана емес,

2

тәлiмгер, үлгi тұтарлық тұлға. Ол әрқашан оқушылармен және ата-аналармен тiл табысады. Мейiрiмдi, қайырымды сонымен қатар, қатал және талапшыл, бiрақ қай жерде болса да ешқашан дауыс көтермейдi. Мәдина Мерекеқызымен өткiзiлген ашық сабақтар, түрлi iс-шаралар жоғары деңгейде өтедi. Ол жасаған дүние- қашанда керемет.»

Малышева Жанна Викторовна, қазақ тiлi мен әдебиетiнiң мұғалiмi: «Көп жерде мен Мәдина Мерекеқызына адам және бiлiктi маман ретiнде ризамын. Мен педагогикалық еңбек жолымда маған көмек қолын созатын, мықты, беделдi тәлiмгер кездесiпжолым болды. Ол мен үшiн басты кеңесшi, қолдаушы және қашанда сенуге болатын жай ғана адам болып табылады. Кез келген мәселе мен қиындықтар бойынша мен өзiмнiң тәлiмгерiме жүгiне аламын».

Мәдина Мерекеқызы жомарт кiсi, мектеп әрiптестерiмен өз бiлiмi мен көптеген жылдар бойы жинақтаған тәжiрибесiмен бөлiсiп, тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, қазақ тiлi оқытушыларының мектеп әдiстемелiк бiрлестiгiнiң меңгерушiсi болып жұмыс атқарды. «Мектеп — менiң екiншi отбасым. Мектептiң барлық проблемалары мен қуаныштары менiң отбасымның тағдырымен тығыз байланысып өрiлген. Менiң енем-Орынбаева К.О. көптеген жылдар бойы мектепте жұмыс iстедi, менiң қызым Әйгерiм де еңбек жолын мектепте бастады. Менiң достарым — мұғалiмдер».

Ол табиғатынан өте белсендi, жауапты, көпшiл, дарынды тұлға. Ең алдымен жоғары талаптарды өзiне, содан кейiн шәкiрттерiне қоя бiлуi, жақсы ұйымдастырушылық қабiлеттерi оның мектептiң педагогикалық ұжымы қызметкерлерiнiң, ата-аналар мен оқушылардың арасында зор құрметке ие болуының дәлелi болып табылады.

Қанша тамаша сабақтар, сыныптан тыс iс-шаралар, балаларға қанша уақыт және күш 36 жылдық еңбек жолында жүзеге асырылады! Ол өзiнiң принциптерiнен ешқашан шегiеген емес — адал, бар ынтасымен жұмыс iстеу. 21 ғасырдың мұғалiмi ретiнде, Мәдина Мерекеқызы үнемi өзiнiң педагогикалық шеберлiгiн арттырып,

www.pedagog.kz онлайн журналы, «Bilimdegi zhanalyқtar» Республикалық ғылыми-әдiстемелiк журналында жарияланған жаңа ғылыми-әдiстемелiк технологияларды дамытуды игеруде

Мәдина Мерекеқызымен иық тiресiп еңбек еткен және жұмыс iстеп келе жатқан Бану Әкiремханқызы Байкенова, Елена Ивановна Луговская, Сәкен Кеңесқызы Жамбаева және т.б.

Сондай-ақ ол жарымен үш қыз тәрбиелеген аяулы ана мен тамаша әже болып табылады. Үлкен қызы Айгүл Астана қ. «Kazmediatsentre» -де қызмет атқарады, ортаншы қызы Әйгерiм «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондонда магистратураны аяқтап Назарбаев Зияткерлiк мектебiнде жұмыс iстейдi, кiшi қызы Әсел 11 –шi сынып оқушысы, оқу озаты, «Алтын белгi» үмiткерi.

Мәдина Мерекеқызы педагогикалық саласындағы табыстары үшiн Жақсы ауданы әкiмiнiң, бiлiм беру басқрамсының және бiлiм беру бөлiмiнiң құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Бiрақ ол өз оқушыларының табыстарға жетуi- жергiлiктi, аймақтық олимпиада жеңiмпаздары болып танылуын жоғары марапат деп санайды.

3

ҰБТ қорытындысы бойынша Мәдина Мерекеқызы дайындаған оқушылар бiрнеше рет жоғарғы баллды иеленiп, қазiргi таңда елемiздiң түрлi жоғарғы оқу орындарының студенттерi болып табылады.

Мәдина Мерекеқызының түлектерiнiң қатарында өмiрде үлкен жетiстiктерге қол жеткiзген адамдар да бар. Олардың көбiмен тығыз байланыста. Жақын арадағы түлектерiнен: Қалымбетова Лаура, «Алтын белгi» иегерi, Әль-фараби атындағы ҚҰМУ-тiн аяқтап, «Болашак» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда магистратурада бiлiмiн жалғастыруда, ұстаздық жолды таңдаған Ибраева Махаббат пен Қаппасова Раушан және т.б..

Әдетте мұғалiмдерде марапаттар аз, олар үшiн басты марапат, ең маңызды нәрсе- жер бетiндегi ең маңызды жұмысты: олар бiздiң барлық үмiтiмiз, болашағымыз, өмiрiмiздiң жалғасы -балаларға бiлiм берiп тәрбиелеудi жүзеге асыру болып табылады.

Құрметтi Мәдина Мерекеқызы! Бүгiн бiз Сiзге көпжылдық қажырлы еңбегiңiз бен заманауи талаптарға сай жарқын болашаққа деген нық қадам басудағы ықыласыңыз үшiн зор алғысымызды бiлдiремiз. Сiзге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, мол бақыт, шығармашылық табыстар тiлеймiз!

Ж. Сейтжанова, мемлекеттiк архив директоры


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.12.2017 09:23

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»