A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсету тәртібі

«Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi әзiрледi.(мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 16 бұйрығымен)

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты» республикалық мемлекеттiк мекемесi, орталық мемлекеттiк мұрағаттар, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк мұрағаттары және олардың филиалдары көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi- Мемлекеттiк корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi күнтiзбелiк 15 күн iшiнде берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты  — 15 минут.

Мемлекеттiк корпорацияда қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты — 20 минут.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi — әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы келесi мәлiметтердi: жұмыс өтiлiн, жалақы мөлшерiн, жасын, отбасының құрамын, бiлiмiн, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берiлуiн, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргiнге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, Қарулы Күштерде, әскери бөлiмдер мен құралымдардағы қызметiн, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерiнде болғанын, азаматтық хал актiлерi, құқық белгiлеушi және сәйкестендiру құжаттары жөнiндегi мәлiметтердi растау туралы мұрағат анықтамасы.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны — қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет ақысыз негiзде жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi.

Құжаттарды қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша, жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы «броньдауға» болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға тапсыратын қажеттi құжаттардың тiзбесi:

 — уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат, немесе өкiлдiң нотариалды куәландырылған сенiмхаты және жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады, көрсетiлетiн қызметтi Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерi жеке басын куәландыру үшiн құжаттың электрондық көшiрмесiн жасайды, одан кейiн оның түпнұсқасын көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады);

- осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтiнiш.

Болған жағдайда сұрау салынған мәлiметтердi растайтын құжаттардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берiледi.

заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорацияда мемлекеттiк қызметтiң дайын нәтижесiн беру тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негiзiнде жеке басын куәландыратын құжат бойынша (не оның уәкiлеттi өкiлi: уәкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк қызмет нәтижесiн 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оны көрсетiлетiн қызметтi берушiге 1 жыл бойы сақтау үшiн тапсырады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы 1 ай өткеннен кейiн жүгiнген кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұрауы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi 10 жұмыс күнiнiң iшiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң дайын нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жолдайды.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша қолхат бередi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша Мемлекеттiк корпорацияның және оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекетiне шағымдану тәртiбi

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда шағым Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не Министрлiк басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайына берiледi.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Мемлекеттiк корпорацияның филиалы, бөлiмi басшысына Мемлекеттiк корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы жолданады.

Мемлекеттiк корпорацияға қолма-қол түскен шағымның қабылданғанын растау оны тiркеу (кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымда немесе шағымның iлеспе хатында қойылады) болып табылады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтiң Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтiң ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге талаптар

Организм функцияларының тұрақтылығы бұзылған, өзiн-өзi қарап күту, өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлай алу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгiнен толық немесе iшiнара айырылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгiнгенде Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдау үшiн тұрғылықты жерiне шыға отырып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң — www.mks.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның — www.con.gov.kz интернет-ресурсында

3) порталда орналастырылған

Жақсы ауданының мемлекеттiк архивi


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.06.2017 09:14

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»