A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Еңбек адамы даңқты

Барлық уақытта адам еңбек әрқашан құрметке лайық. Адам баласы дүниеге келгенде, оны қандай өмiр жолы күтiп тұрғаны, одан қалай өту керектiгi, болашақта кiм болары беймәлiм. Бiрақ әркiм өз жолының дұрыстығын қалайды.

Бiздiң ауданда жоғары мемлекеттiк наградалармен марапатталған көптеген еңбек ардагерлерi тұрады. Жақсы ауданының мемлекеттiк мұрағаты өз жұмысын осы адамдар туралы құжаттар мен ақпаратты жинаудан бастады. Олардың бiрi — Тарасовка ауылының еңбек ардагерi Қуанышпаев Еркiн Қажғалиұлы.

Еркiн Қажғалиұлы Ақмола облысының Еркеншiл ауданы Благодатное ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Ол бiр жасқа келгенде, әкесi өмiрден озды. Анасы Қуанышпаева Күншәйiм осы жылы 90 жасқа толды және 12 баланы дүниеге әкелiп, тәрбиелеп, Ана даңқы орденiмен, "Алтын алқамен" марапатталған. Бүкiл еңбек жолын ол, мал шаруашылығындағы жұмысына арнады — сауыншы, бұзау күтушi болды. Тiрегi- әрқашан балалар болатын. Олардың арасында Н. Островский атындағы совхозда еңбектенудi 15 жасынан бастаған Еркiн де бар едi. Содан кейiн Кеңес Армиясы қатарына өттi. Әскери қызметiн құрылыс әскерлерi қатарында атқарды және «Олимпиада-80» Олимпиадалық қалашығының құрылысын салу мәртебесiне ие болды.

1973 жылы Еркiн Қажғалиұлы, туған совхозына оралып, үйлендi. Бiр қарағанда, бұл жақында ғана өткен тәрiздi болғанымен, асыл жары Тiлеулес Зулкарқызымен бiрлескен өмiрдiң қырық жылдығы жақындап келедi. Әскерден кейiн Еркiн Қажғали жұмысын мал шаруашылығында жалғастырды, оны бордақылауға малшы ретiнде анықтады. Е.Қ. Қуанышпаев өз жұмысын жақсы атқарды, ол төлдердi жақсы өсiру жем-шөп базасында азықтантандыруға ғана байланысты емес, әр адамның өз iсiне деген адал еңбегiне байланысты екенiн түсiндi. Е.Қ. Қуанышпаев орташа-тәулiктiк өлшеуге ерекше көңiл бөлдi және оның өсiрген малдары үнемi «жақсы күтiлгендер» қатарында болды.

Ауылдағы еңбек  — ауыр еңбек. Оны тек ауыл тұрғыны түсiнедi, бiрақ сол уақытта ешкiм шағымданбады, адамдар жанкештi еңбек еттi. Еркiн Қажғалиұлы барлық уақытта бұдан да жақсы жұмыс iстеуге, туған совхозында экономиканы нығайтуға өзiнiң еңбегiңмен үлес қосуды мақсат тұтқан.

Е. Қ. Қунышпаев жариялылықты сүймейтiн, қарапайым адам, өзiнiң көптеген марапаттары, 30 жылға жуық адал еңбегi жайлы айта бермейдi.

Олардың кейбiрi: КСРО-ның Жоғарғы Кеңесi Төралқасының атынан " Владимир Ильич Лениннiң 100 жылдығы құрметiне Ерен еңбегi үшiн " мерейтойлық медальi, «Тоғызыншы» және «оныншы бесжылдық Озаты» белгiлерi, "Социалистiк жарыс жеңiмпазы", КСРО ВДНХ КСРО халық шаруашылығы дамытуда қол жеткiзген табыстары үшiн маңызды еңбек — Қола медаль (1981 жыл) және Күмiс (1983 жыл).

Күзде 1983 жылы, өндiрiс озаты ретiнде ВДНХ КСРО Торғай облысы делегациясының құрамында барды.

1999 жылы Еркiн Қажғалиұлы құрметтi демалысқа шықты, бiрақ ол қол қусырып, таңертеңнен кешке дейiн өзiнiң үй-жайында жұмыс iстегендi жақсы көредi.

Жұбайымен бiрге бес баланы аяққа тұрғызып, немере тәрбиелеуде.

Барлық өмiрiн өзiнiң моральдық ұстанымдарына адал бола отырып, мал шаруашылығындағы еңбегiне арнауды таңдаған еңбек жолы осындай. Еркiн Қажғалиұлы адамның тағдырының қалыптасуы, тек адамның өзiне байланысты деп санайды. Ал тағдыры бақытты болуы үшiн, адал еңбек етiп өмiр сүру керек.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.12.2017 09:23

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»