A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пайдаланушылардың сұратуларын орындау және мұрағаттық анықтамаларды рәсімдеу тәртібі туралы

Жақсы ауданының мемлекеттiк мұрағатымен «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметi көрсетiледi. 2015 жыл бойына 861 сұрату орындалды. ХҚҚО арқылы 159, электрондық портал арқылы -104, пошта -433 сұрату орындалды. Пайдаланушының сұратуы, сұраныста заңды тұлғаның аты (азаматтар үшiн — тегi, аты және әкесiнiң аты), пайдаланушының пошталық мекенжайы немесе хронологиясы көрсетiлген жағдайда қаралады және мұрағатпен орындалады. Сұрату өтiнiш берушiнiң қолымен немесе электронды цифрлық қолтаңбамен расталады. Егер сұрату мұрағатта сақтаулы мұрағаттық құжаттардың құрамына кiрмейтiн болса, тiркелгеннен бастап 3 күн мерзiм iшiнде керектi мұрағаттық құжаттар сақтаулы басқа мұрағатқа немесе ұйымға жөнелтiледi, ол туралы пайдаланушыны хабардар етедi, немесе пайдаланушыға сәйкесiнше керектi ұсыныстар берiледi. Мұрағатқа келiп түскен сұратулар (азаматтар мен ұйымдардың үндеулерi) әлеуметтiк-құқықтық және тақырыптық бөлiмшелерге бөлiнедi. Әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұратуларға еңбек өтiлiн және еңбек ақысының мөлшерiн растау, отбасы құрамы, марапаттаулар, зейнетақы және әлеуметтiк төлемдерi туралы сұратулар жатады. Еңбек өтiлiн растау туралы мұрағаттық анықтамаға мұрағатта бар құжаттардағы уақыт аралығындағы мәлiметтер ғана енгiзiледi.Оның iшiнде азамат атқарған лауазымның нақты атауы мен оның аталған лауазымдағы кезеңi көрсетiледi. Еңбек ақы туралы анықтамаға мұрат құжаттарында баяндалғандар бойынша мәлiметтер енгiзiледi. Мәлiметтер жыл шектерiнiң қосуынсыз, әр жылға бөлек жүргiзiледi. Айқындалған тақырып, мәселе, оқиға,фактi бойынша ақпараттар ұсыну туралы сұратулар тақырыптық сұратуға жатады. Мұрағат, өзiнiң қызметiн орындаумен байланысты мемлекеттiк органның, жергiлiктi атқарушы органның, сот органдарының тақырыптық сұраныстарын заңнамамен белгiленген бiрiншi кезекте немесе келiсiлген уақыт мерзiмiнде орындайды. Мұрағат әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұранысты тегiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiм iшiнде орындайды. Азаматтардың және ұйымдардың жеке немесе жазбаша (оның iшiнде электронды) үндеулерi негiзiнде мұрағат сақтауға берiлген құжаттар бойынша: мұрағаттық анықтамалар, мұрағаттық көшiрмелер, мұрағаттық үзiндiлер бередi. 2 Мұрағаттық анықтама-мұрағаттың хаттар бланкiсiнде құрылған, заңды күшi бар және сұратудың мәнi туралы ақпараттан тұратын, оларды құруға негiз болған құжаттардың парақтарының шифрлары мен нөмiрлерi көрсетiлген мұрағат құжаты. Мұрағаттық көшiрме-белгiленген тәртiпте бекiтiлген, мұрағаттық шифрлары мен нөмiрлерi көрсетiлген, мұрағаттық құжат мәтiнiнiң сөзбе-сөз көшiрмесi. Мұрағаттық үзiндi-мұрағаттың хаттар бланкiсiнде құрылған, мұрағаттық құжат мәтiнi бөлiгiнiң сөзбе-сөз көшiрмесiнен тұратын, айқындалған фактiге, оқиғаға, тұлғаға жататын мұрағат құжаты. Мұрағаттық анықтамадағы мәтiн мұрағаттық құжаттардың түрi мен олардың уақыты көрсетiле отырып, оқиғалардың хронологиялық тiзбегiмен берiледi. Жекелеген мұрағат құжаттарының деректерi сұрау салуға айтылған мәлiметтермен сәйкес келмеуi, егер барлық қалған мәлiметтермен сәйкестiгi тұлғаның немесе мұрағат құжаттарында айтылған фактiлердiң ұқсастығына күмән келтiрмеген жағдайда, оларды мұрағат анықтамасына енгiзу үшiн кедергi бола алмайды. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға бағытталған мұрағаттық анықтамаға мұрағаттың басшысы, орындаушы қол қояды және мұрағаттың елтаңбалық мөрiмен бекiтiледi. Егер онда берiлген мәлiметтер толық болмаған жағдайда, себептерi көрсетiлген iлеспе хат жазылады. Керек болған жағдайда, мұрағаттық анықтамадағы мәлiметтердi растау үшiн мұрағаттық құжаттардың көшiрмесi немесе одан үзiндi қоса берiледi. Сұранысты орындауға қажеттi мұрағаттық құжаттар мұрағатта жоқ болған жағдайда мұрағаттың бланкiсiнде сұраныстың тақырыбы бойынша мұрағаттық құжаттардың жоқ екендiгi туралы жауап жазылады және мүмкiндiгiнше қайда өтiнiш беруге болатындығы туралы ұсыныс берiледi. Мұрағаттық анықтама, мұрағаттық үзiндi, мұрағаттық көшiрме және сұраныстарға жауаптар жай хатпен пошта арқылы жөнелтiледi. Азамат жеке өзi немесе оның сенiмдi тұлғасы мұрағатқа өтiнiш бiлдiрген жағдайда мұрағаттық анықтама, мұрағаттық үзiндi және мұрағаттық көшiрме төлқұжатын немесе өзге де куәландыратын құжатты көрсеткен кезде оған қолхат арқылы берiледi, сенiмдi тұлғаға — белгiленген тәртiппен ресiмделген сенiмхат арқылы берiледi.

«Жақсы жаршысы» газетi 2016 .04.04. №17


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 25.05.2016 11:40
@2025 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»