A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Олар да Жеңісті жасаған

Соғыстың алғашқы күндерiнен бастап, оның аяғына дейiн, Ақмола облысының тыл қызметкерлерi өз өмiрлерiн толығымен әскери ережеге сәйкес жүзеге асыратын елiмiздiң қорғаныс мiндеттерiне, жұмыс ырғағына тез көштi. Мыңдаған ерлер майданға кетуiне қарамастан, кәсiпорындар, колхоздар, совхоздар жоспарлы тапсырмаларды сәттi және жоспардан аса орындады. Бiздiң Отанымыздың еркiндiгi мен тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн отан қорғауға, экономикалық әлеуетiн, адам ресурстарының барлығы асқан уақыт кернеуi қажет болды. Ауыл еңбеккерлерi әскер мен халықты азық-түлiкпен, ал өнеркәсiптi шикiзатпен қамтамасыз ете отырып, ауыр жағдайларда жұмыс iстедi. Колхоздар мен совхоздың даласында жаңа мәдениет — «махорка» пайда болды. Көк-сағыз, картоп, көкөнiс, дәндi дақылдар егiстiктерi кеңейтiлдi және мал саны өстi. Ақмола облысының тыл еңбеккерлерi «Бәрi де — майдан үшiн, барлығы Жеңiс үшiн» деген ұранымен жұмыс iстей жүрiп, айрықша табандылық, жоғары ұйымшылдық, бұрын-соңды болмаған жаппай ерлiк көрсеттi. Соғыс жылдары майдандағыларды киiм-кешекпен және азық-түлiкпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс Қима ауданында қайсарлығы мен батырлығымен, ұйқысыз және демалыссыз тылда еңбек ету, қызу жүрiп жатты. Бұл жарқын Жеңiс күнi күнiн жақындатқан ұлы тұлғалар-барлық үлкендi-кiшiлi әйелдер, қарттар мен балалар өз жұмыс орындарында болды. Үкiметтiкке ерен еңбегi үшiн орденiмен және медальдармен марапатталуға ауданының жүздеген тыл еңбекккерлерi ұсынылды. Халықты азық-түлiкпен қамтамасыз ету өзектi мәселенiң бiрi болды. Әскери салық, қарыз белгiлендi. Әрбiр отбасы мемлекетке жылына: 50 дана жұмыртқа, 2 дана IҚМ терiсi , 2 кг жүн , 100 кг ет, 12 кг қорытылған май тапсыру қажет болды. Халықтың бұл азық-түлiк салығы 50-шi жылдардың басына дейiн төлендi. Майдан үшiн жер жыртылып, себiлiп, нанжиналды, мал, темекi өсiрiлдi. Кешкiсiн майдан үшiн бiр бөлмеде қолғап тоқуғу жиналған. Партия комитетiнiң жанында майданға жылы киiмдер жинау және жөнелту комиссиясы құрылды. 1941 жылғы 05.12. ақпаратына сәйкес, Қызыл әскер үшiн аудан бойынша: 331 жұп пима, 27 тон, 448 жұп қолғап, 15 жұп терi қолғап тiгiлiп, 447 жылы көйлек, 142 фуфайкалар, 227 бас киiм, 38 терi күртеше жиналды. Қима және Запорожье ауылдарының тұрғындары металл сынықтарын жiбергенi сонша ол 30 танк дайындауға жеттi. Олар жеке жинақтарынан Қазақстан эскадрильене бiрнеше миллион рубль аударды. Майданғамыңдаған сәлемдемелер мен жылы киiм-кешектер жiберiлдi. Жыл сайын бүкiл соғысқа күзде және қыста Ешiм жанындағы ауылдардан Атбасарға ат жетегiмен нандар жеткiзiлдi. Отан қорғаушылары үшiн адамдар жолсыз жерлермен қарлы борандарға қарамастан нан тасыды. Мұнда, ысқырған оқтар мен снарядтар жарылған жерлерде сол кездегi Қима ауданының ауылдарында қарттарға, әйелдер мен балаларға оңай болмады. Запорожье ауылының тұрғыны, зейнеткер Н.К. Покотиленко естелiгiнен: «майданға менiң сыныптастарым аттанды. Көп ұзамай олардың туысқандарына 2 қарапайым ақ қағазда "қаза тапты" деген хабар келдi. Қаза тапқан комсомолдар — И. Сонников, И. Сургай, С. Старина және т.б.. Ауылымызда қарттар мен балалар басқа ерлер қалмады. Барлғы бiрыңғай талпыныста өмiр сүрдi — көбiрек майданға нан, киiм, майдандағы жұбайларына, әкелерiне қолдау көрсету үшiн, жылы лебiздерiн бiлдiрiп хаттар, таныстардан сәлемдемелер жiбердi. Жерлердi жыртып, себу керек едi. Ерлерi мен ұлдарының орнына әйелдер мен қыздар жұмыс iстедi. Трактористердiң курстары ашылды.» Мiне, ауылдың қыздарымен бiрге трактор ролiне отырған, Бабичева Мария Демьяновна соғыс жылдарын осылай есiне алады. Тракторлар ескi болатын, ал әйелдер сауатты немесе тiптi сауатсыз болды. Темiр аттар өте арыншыл едi, оларды бiлу керек болды. Бiз техниканы зерттеп, бiздiң ерлерден кем емес жыртып , себудi, жинауды үйрендiк. Мен соғыс жылдары Запорожье МТҚ жұмыс iстеген тракторшы өз құрбыларымды мақтанышпен есiме аламын: Кригер Елизаветаны, Карстен Мария, Мария Серiкова, Елизавета Корн және басқа т.б". Әйелдер тек егiстiкте ғана жұмыс iстемедi. Боранды, аяз, жаңбырда, аптап ыстықтарда апалы-сiңiлi Клавдия мен Ефросинья Молотковалар фермаға асықты. Бұқаларға беруге арналған жем-суды өздерi әкелу керек едi, олар ең алдымен шанаға салып тасыды, сиыр қораларды тазалады, суаттарға барып сиырларды суарды және оларды ойықта үнемi қолдаушылары Анна Борщ едi. Сиырлар қолмен сауылатын, бұл жұмыстан қолдар жансызданып, суықтан қатты тоңатын. Аяқтар қозғалғасы келмейтiн, тамақ жетiспеушiлiгi мен ұйқының қанбауы бiлiнетiн. Бұл еңбеккер әйелдер негiзгi жұмыстарынан басқа, шөптердi лақтыруға, жүйектердi отауға және көптеген тағы басқаларға үлгеретiн. Соғыс Дядченко Марияға, Тыщенко Марияға, Покотиленко Александраға, Баштанникова Евдокияға, Запарий Марияға, Янцен Марияға және басқа да көптегендерге, оны ғана емес, ненi iстеуге тура келмедi». Бiз соғыстың тарихқа кетiп, сол оқиға бiрақ куәгерлерi әлi күнге дейiн бiздiң арамызда жүрген кезеңде өмiр сүрудемiз. Егер олардың естелiктерiн қазiр жазбасақ, онда олар еңбек сiңiрген iзiнiң тарихымен бiрге қалдырған адам жай ғана жоғалады. Сол қиын күндерi колхоздар мен совхоздар, көбiнесе балаларға, жас патриоттарға мiндеттi болды. Еңбек майданының қамқорлығындағы ауыр жүк балалардың иықтарына түстi. Бiздiң ауданда "1941-1945 ж. ж." қажырлы еңбегi үшiн медалiмен марапатталған 15 тыл еңбеккерлерi тұрады. Солардың бiрi Ишимское ауылынан — Галай Таисия Дмитриевна. Ол кiсiнiң естелiгiнен: «1941 жылы мен 7 жаста болатынмын. Әкем соғыстың алғашқы күндерiнен бастап майданға аттанды. Анам туберкулезбен ауырып қалып, менi Украинада тұратын әжем алып кеттi. 1941 жылы фашистiң әскерлерi бiздiң ауыл басып алды. Гитлершiлдер халықты тонай отырып, ары қарай жылжыды, ал ауылда қалды жалданған полицайлар қалды. Тек 1943 жылы Совет әскерi ауылымызды фашистерден азат еттi. Менiң мектепке барып оқуыма мүмкiншiлiк болмады, өйткенi соғысқа дейiн мектепте жаңа салынған комендатура жайғасты. Кеңес әскерлерiне ауылының шекарасын фашистерден босату ету кезiнде мектеп ғимаратын талқандауға тура келдi. Таисии Дмитриевнаның балалық шағы болды ауыр: әскерге дейiнгi және әскери. Еңбек жолым бақша алаңдарын арамшөптен арылту, сондай-ақ қарақұмық, сұлы, тары, арпа себу, картопты қазып, жинап көмектесуден бастадым. Үнемi ауыр жұмыстардан, тiкендi шөптердi жұлудан арқам ауырып, қолдарым iсiп кететiн. Өте 3 ауыр болды. Алабота мен қалақайдан жасалған көше iшiп, сора тұқымнан сығып май жасайды, аштықтан жазда орман жидектерi құтқаратын. Алқаптардан жинағандардың барлығын, өзiдерiне ең кем мөлшерiн қалдыра отырып, майданға аттандырылатын. 13 жасында колхоз Таисияны орманшылықта, 15 жасында — әскери зауытқа жұмыс iстеуге жiбередi. Ұзақ уақыт бойы ол құрылыста жұмыс iстеп, қираған ғимараттарды қалпына келтiруге көмектестi. 1955 жылы, өз жерлесi Пустовойтенко Таисия Михайловнамен уылға тың игеруге келдiм. Осы жерде, болашақ жары Иванов Иван Симоновичпен таныстым. Совхозда мал шаруашылығында жұмыс iстедi. Таисия Дмитриевна, екi қыз тәрбиеледi, оның 3 немересi мен 5 шөбересi бар. Бүгiнгi күнi бiздiң ауданда тыл еңбеккерлерi 144 адам тұрады. Олардың балалық және жастық шақтары, жауды жеңудегi әскери тыл жолдары ұқсас. Қиын болды. Тынымсыз еңбек еттiк. Әкелер мен ұлдар үшiн жұмыс iстедiк. Жердiң әрбiр телiмi, әрбiр картоп, әрбiр масақ есепте болды. Гелеверя Мария Федоровнаның естелiгiнен: "Соғыс басталғанда мен 13 жаста болдым. Бiз Есiл ауданының Қима ауылында тұрдық. Менiң ата-анам колхозшы болды. Әкем мен iнiм майданда қаза тапты. Бiз, 6-сынып оқушылары, масақтарды жинап, егiннiң дәндi бастарын жинадық, колхоздан 70 км-ге тасыдық, Ярославкаға күнбағысты таяқшалармен басып, картопты қаздық. 15-16 жасымда шөп шабу, шөп жинауға, сиырлармен бұқалармен жер жыртуға жiбердi. Мектепте жараланып, үйге оралған ерлер ұлдарды винтовкалар және т. б. жинауға және бөлшектеуге үйреттi, ал қыздарға жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсетудi көрсеттi. Мария Федоровның колхозда жұмыс өтiлi 1942 жылдан бастап әр түрлi жұмыстағф жұмыскер, 1944 жылы Қима ауданының мал емханасында бухгалтер, содан кейiн бас бухгалтерднiң орынбасары болып жұмыс iстедi. Оның еңбек өтiлi 38 жыл колхоз өтiлiн құрайды. Ұлы Отан соғысы көп нәрсеге үйреттi — еңбексүйгiштiк, шыдамдылық және мақсаттылық. Осы қасиеттерсiз ол қиын уақытта мүмкiн емес едi. Тыл еңбеккерлерiнiң еңбегi бiздң Отанымыздың тарихи жылнамасына алтын әрiптермен жазылған.

«Жақсы жаршысы» газетi № 22 2016. 09.05


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 25.05.2016 11:33

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»