A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кәсіп бір рет және мәңгілікке

Жеке тектiк құжаттар — ол құжаттар, жеке азаматтың, отбасының, рудың өмiрi және қызметi барысында пайда болған. Олар тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси, мәдени маңызы бар және ажырамас бөлiгi және Ақмола облысы тарихи–мәдени мұрасы болып табылады.

Осы санаттағы құжаттарға деген қызығушылық жыл сайын артып келедi және едәуiр бөлiгi Ұлттық архив қорының ресми бөлiгiн көрсетедi. Елiмiздiң қоғамдық өмiрi мен өлкемiз үшiн құндылық болып табылатын көптеген тарихи оқиғалар мен фактiлердi жан-жақты көрсетуге арналған. Ұйымдардың архивтiк құжаттарындағы «бос орындардың» олқылықтардың орнын толтыруға азаматтардың жеке архивтерi көмектеседi, онда оқиғалар iшкi әлемi неғұрлым толық бейнеленген, олар адамдардың тұрмыс-тұлғалық сыйпатын бағалауға көмектеседi.

Жеке тектi құжаттарды жинақтауды Жақсы ауданының мемлекеттiк архивi 1993 жылы бастаған.

Қор құжаттар құрамында Жақсы ауданының партиялық қызметкерлерi, соғыс және еңбек ардагерлерi, құрметтi азаматтарының құжаттары бар.

Жеке қор құрамына мемлекеттiк сақтауға мынадай құжаттар қабылданады: авторлық қолжазбалар, өмiрбаяндар, күнделiктер, жазу кiтапшалар, естелiктер; өмiрбаяндық материалдар, қызметтiк және жеке хаттар, фотосуреттер мен жеке қор ұстаушысымен таңдалған, қор құрушы туралы шығармашылығы мен жұмысы үшiн және мәңгi есте сақтау туралы материалдар, және оның жеке архивiндегi басқа да материалдар.

2016 жылы қор Жақсы ауданының құрметтi азаматы- банк iсiнiң озаты Оразбеков Нұралы ағамыздың құжаттарымен толықтырылды.

Партиялық билет, диплом, ЖОО аяқтағаны туралы, көптеген медальдар және құрмет грамоталары, еңбек кiтапшасы және басқа да құжаттар — барлығы 30-дан астам сақтау бiрлiгi Нұралы Оразбекұлының жұбайы — Шәкен Әлiмқызымен мемлекеттiк сақтауға берiлдi. Мiне, бiз Н.Оразбеков туралы келесiнi бiлдiк:

Нұралы Оразбекұлы, еңбек жолын мемлекеттiк банк жүйесiнде 1949 жылы қатардағы қызметкер ретiнде бастап, 1961 жылы Жақсы мемлекеттiк банкi бөлiмшесiнiң басқарушы лауазымына ұсынылды. Ол басқарған мемлекеттiк банкi бөлiмшесi жылдар бойы кеңестiк социалистiк жарыстардың жеңiмпазы атанды және КСРО-ның мемлекеттiк банкi басшылығының көшпелi Қызыл Туын иеленген.

Н. Оразбеков тыным таппай кез келген iстi жетiлдiруге түрлi оң шешiм тапқан. Сонымен, мысалы, ол басқа облыстық бөлiмшелердiң арасында алғашқылардың бiрi болып, кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн қолданды.

Нұралы Оразбекұлы өз ұжымының ғана емес сондай-ақ, аудан, облыста да сыйлы және зор құрметке ие азамат болатын.

Н. Оразбеков — ақылды басшы, әрбiр өзiнiң қоластындағылармен әсiресе жас мамандармен тiл табыса бiлдi. Ол талай несиелiк және бухгалтерлiк қызметкерлердi үйретiп, тәрбиеледi.

Солардың бiрi Н. Оразбековтың оқушысы, банк жүйесiнiң ардагерi- Пан Төлеген Смағұлұлының естелiгiнен: «Мейiрiмдiлiк, кiшiпейiлдiлiк, принциптiк, өзiнiң қол астындағыларға талап қоя бiлу — бiзге бұл қаситтер тәлiмгерiмiз Н.Оразбековтен дарыған. Ол бiздi жастармен жұмысты үлкен сүйiспеншiлiкпен, сабырмен, күшi мен уақытын аямай үйрету қажеттiгiн үйреттi. Жастардың тәлiмгерлерiмен жоғары бiлiктi банк маманы болып табылатын бөлiмше басқарушысы Нұралы Оразбекұлы өзi жүргiздi. Нұралы Оразбекұлының ұраны «Адамдар үшiн өз мүмкiндiктерiмен толық өмiр сүру». Ол бiздi осыған үйреттi, өз кезегiмiзде бiз өзiмiздiң шәкiрттерiмiздi үйреттiк».

Қазiр құрметтi демалыста болса да, Мемлекеттiк банкiдегi бухгалтерлiк қырық екi жыл еңбек қызметi бола тұра, ол мақтанышпен қайталауды ұнатушы едi:

«Менiң балалық шағымның арманы орындалды. Бiздiң кәсiп туралы теледидар экранынан немесе кiтаптан бiле алмайсың. Бiз адам өмiрiн құтқармаймыз, жағымды музыка әуенiмен еркелетпеймiз, көлiктер шығармаймыз, тұрғын немесе өнеркәсiптiк объектiлер салмаймыз. Дегенмен, бiз барлық осы iстерге қатысымыз бар, өйткенi, халық шаруашылығының барлық салаларымен тығыз байланыстамыз. Бiз күн сайын табанды да, тынымсыз барлық кәсiпорындар мен ұйымдардың өмiрiне ендiк, олардың қызметiн зерттеп, қажеттiлiктерiн анықтадық, пайдаланылмаған резервтердi тауып, қандай салаға бiрiншi кезекте несие жiберуге болатынын анықтадық. Бiздiң кәсiбiмiз халыққа қажеттi және пайдалы, қызықты кәсiп.

Нұралы Оразбековұлының барлық еңбектiк қызметi — ол барлық күш-жiгерiн, тәжiрибесi мен бiлiмiн туған елiне арнаған, отан үшiн қалтқысыз қызмет етудiң жарқын мысалы.

Азаматтардың жеке архивтерiнiң құжаттары  — адамның қоғамдағы өмiрiнiң барлық қырын ашатын құнды деректер болып табылады. Олардың өмiр бойы жинақталған құжаттарының кешенi елiмiздiң тарихын, күнделiктi өмiрiн, әр түрлi кезеңдерiн көрсетедi. Жеке архивтердi сақтай отырып, бiздiң үздiк замандастарымыз, бiздiң жерлестерiмiз туралы, Ақмола облысы аймағының даңқын шығарған, өз еңбегiмен танылған, ұлы есiмдерiн есiмiзде мәңгi сақтаймыз.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.06.2017 09:12

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»