A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» КММ 2017 жылдың 9 айдың жұмысы туралы есебі

2017 жылғы 1 қазанда Жаксы ауданының мемлекеттiк архивiмен, Қазақстан Республикасының ҰМҚ құжаттарды сақтау және мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету бойынша бiршама жұмыстар атқарылды.

236/1100 сақт.бiрл. құжаттардың табиғи жағдайы жақсартылды.

Келесi қорларда сақталған 1600 бiрл. құжаттар мұқабаланды:

Жақсы ауданының соты 181 қор, «Запорожье ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» 201 қор, «Қайрақты ауылдық Советi» 202 қор,. «Қайрақты ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» 203 қор, «Құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлiмi» ММ 204 қор, «Құрылыс бөлiмi» ММ 205 қор, «Кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ 206 қор, «Дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ 207 қор, «Iшкi саясат бөлiмi» ММ 208 қор, «Жақсы ауданының Подгорное ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ 209 қор, «Жақсы ауданының Беловод ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ 210 қор.

Мемлекеттiк сақтауға 1600 бiр.ү.сақт. құжаттар қабылданды, оның iшiнде:

Жақсы ауданының соты — 492 бiр.ү.сақт., «Запорожье ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» -101 бiр.ү.сақт., 34 ж.қ, сақт.бiрл., «Қайрақты ауылдық Советi» -41 бiр.ү.сақт., «Қайрақты ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» -137 бiр.ү.сақт.,48 ж.қ. сақт.бiрл., «Құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлiмi» ММ- 36 бiр.ү.сақт, 30 ж.қ. сақт.бiрл., «Құрылыс бөлiмi» ММ -53 бiр.ү.сақт,51 ж.қ, сақт.бiрл., «Кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ -44 бiр.ү.сақт , 35 ж.қ, сақт.бiрл., «Дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ — 34 бiр.ү.сақт,31 ж.қ, сақт.бiрл., «Iшкi саясат бөлiмi» ММ -21 бiр.ү.сақт., 42 ж.қ, сақт.бiрл., «Жақсы ауданының Подгорное ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ -90 бiр.ү.сақт, 41 ж.қ, сақт.бiрл., «Жақсы ауданының Беловод ауылы әкiмiнiң аппараты» — 129 бiр.ү.сақт, 36 ж.қ, сақт.бiрл.

Мемлекеттiк архивтiң қызметкерлерi келесi iс-шаралар өткiздi:

Мемлекеттiк архивтiң қызметкерлерi Жақсы ауданының тiлдер оқыту Орталығында «Бiз есте сақтаймыз! Бiз мақтан тұтамыз!» атты Жақсы ауданының соғыс ардагерлерiнiң жеке тектiк құжаттары арқылы фотокөрме дайындап өткiздi. Iс- шараға № 1 Жақсы орта мектебiнiң 5 сынып оқушылары шақырылды.

Жақсы ауылының № 2 мектебiнiң 9 сынып оқушыларын архивтiң құрылу тарихымен, құрамындағы құжаттардың сақталуымен танысу үшiн экскурсия ұйымдастырылды.

№ 2 Жақсы орта мектебiнiң 7 сынып оқушыларымен «Сенiң жерлестерiң ерлiкпен атақты» Жақсы ауданының ҰОС қатысушылары және ардагерлерi туралы сабақ өткiзiлдi. Мелекеттiк архивте сақталуда бар құжаттардан, балалар тоғыз ардагерлердiң өмiрбаянымен танысты.

Iс жүргiзушiлермен және толықтыру көзi болып табылатын ұйымдардың қызметкерлерiмен (2017 жылдың мемлекеттiк сақтауға тапсыратын кестесiне еңгiзiлген) құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзу, iстердi қалыптастыру, өңдеу, құжаттардың iстер тiзiмдемесiн жасау туралы тәртiбi, сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актiнi жасаудың тәртiбi туралы семинарлар өткiзiлдi.

«Азаматтарға арналған Үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» қызметкерлерiмен мемлекеттiк қызметтер нәтижелерiн көрсету сапасына қоғамдық мониторингiн талқылау бойынша дөңгелек үстел өттi.

«Бiз ерлiкке тағзым етемiз және ұмытпаймыз» акциясы шеңберiнде мемлекеттiк архивтiң қызметкерлерi ҰОС ардагерi А.В. Комяковқа барып шықты. Архив қзметкерлерi ардагердiң батырлық ерлiгi үшiн алғыс бiлдiрiп азық- түлiк пакеттiн табыс еттi.

Жақсы ауданының мемлекеттiк архивi аудандық орталық кiтапханамен бiрге қуғын-сүргiн және ашаршылық жылдарының құрбандарын еске алу күнiне орай «Тарихтың тiрi естелiгi» атты еске алу кешiн өткiздi.

Халық арасында «Архивтiк анықтамалар беру» көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң сұрақтары бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк копорациясында «Архив кеңес бередi» акциясы өткiзiлдi.

Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен Қарттар күнi қарсаңында, жалғызiлiктi егде азаматтардың үйлерiне мекен-жайлық сәлемдемелер табыстау ұйымдастырылды (Воронова Екатерина Михайловна, Потерина Нина Владимировна, Бекжанова Шәрипа Бекжанқызы).

Аудандық «Жақсы жаршысы» газетiнде жарияланған мақалалар:

«Архив анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметтi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы көрсету тәртiбi «Кәсiп бiр рет және мәңгiлiкке» «Ведомстволық архивтердiң құжаттарын сақтау туралы» «Еңбек адамы белгiлi»

Есептiң кезеңде мемлекеттiк архивпен тұрақты сақталатын және жеке құрам бойынша құжаттардың тiзбесiн құру, 2017 жылы мемлекеттiк сақтауға тапсыру кестесiне енгiзiлген мекемеде сақтауға келмейтiн құжаттарды жоюға бөлу туралы актi құру бойынша кеңестер берiлдi. «Жақсы ауданының Подгорное ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ, «Қайрақты ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Чапаевское ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Жақсы ауданының бiлiм беру бөлiмi» ММ, «Калининское ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ, «Жақсы ауданының Беловод ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ, «Жақсы ауданының Ишимское ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ, «Жақсы ауданының Тарасовка ауылы әкiмiнiң аппараты» ММ, ШЖҚ МКК «Жақсы орталық аудандық ауруханасы», Жақсы ауылының әкiмi аппараты» ММ, жәнеде 2017 жылдың мемлекеттiк архивке құжаттарды тапсыру кестесiне енгiзiлген мекемелерге: «Құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлiмi» ММ, «Кәсiпкерлiк бөлiмi» ММ «Дене шынықтыру және спорт бөлiмi» ММ, «Iшкi саясат бөлiмi» ММ, «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмi» ММ, «Жақсы ауданының экономика және қаржы бөлiмi» ММ, «Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы» ММ, «Жақсы ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ iстер номенклатурасы туралы сұрақтар бойынша консультация көрсетiлдi.

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың, сақтау мерзiмдерi көрсетiлген үлгiлiк құжаттар Тiзбесiне сәйкес, (26.01.2015 № 22) iстер номенклатурасы келiсiлдi: Қийма, Перекатное; Моховое, Запорожье,Ишимское,Подгорное, Калинин орта мектептердiң? «Құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлiмi Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмi Жақсы ауданының жұмыспен қамту орталығы Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы».

8 мекеменiң ведомстволық мұрағат және сараптама комиссиясы туралы Ережелерi келiсiлдi.

Есептi кезеңде көрсетiлетiн қызметтi алушыларға берiлген мұрағаттық анықтамалар — 745, оның iшiнде оң -609, әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы — 609, тақырыптық сипаттағы — 45.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.11.2017 11:37

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»