A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Архив тарихы

Жақсы ауданының мемлекеттiк мұрағатының құрылу тарихы

Ақмола облысының Жақсы ауданының мемлекеттiк архивi 1987 жылы Қима аудандық атқарушы комитеттiң жанындағы шаруашылық есептiк архив ретiнде қалыптасты және Жаңа-Қима ауылында ӨЖТ ғимаратында орналасты.

1992 жылы аудан әкiмшiлiгi басшысының шешiмiмен архив жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын Қима аудандық әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк архив болып өзгертiлдi, Жаңа-Қима ауылының бұрынғы аудандық атқарушы комитетiнiң ғимаратында орналасты.

«Ақмола облысының Жаңадала және Қима аудандарын тарату туралы» ҚР Президентiнiң 23.07.1997 Жарлығына сәйкес Қима ауданының мемлекеттiк архивi жабылды.

Ақмола облысы әкiмiнiң 06.08.1997 шешiмiнiң негiзiнде Ақмола облысының Жақсы ауданының мемлекеттiк архивi ұйымдастырылды.

2001 жылғы қыркүйекте мұрағат Жақсы ауылына, архивтiк үй-жайға бейiмделген, жалпы ауданы 199,2 шаршы метр тұрғын үй ғимаратына көшiрiлдi. Ғимараттың үш бөлмесi архив қоймасына жабдықталды.

Қазiргi уақытта мемлекеттiк архивте 191 қор бар, оның құрамында 37914 сақтау бiрлiгi, оның iшiнде басқару құжаттамасы 117 қор — 21417 сақтау бiрлiгi, жеке құрам бойынша құжаттардың 74 қоры — 16580 сақтау бiрлiгi, 149 жеке тектiк, 47 фотоқұжат есептелген.

Мемлекеттiк архив құжаттары 1920 жылдан 2013 жылға дейiнгi кезеңдi қамтиды. 1920-1925 жылдар бойынша Есiл және 1920-1921 жылдар бойынша Ново-Киенский болыстық комиссариаттары қорларының құжаттары құнды тарихи мәлiметтерден тұрады. Есiл болыстық комиссариатында Атбасар уездiк комиссариатының мобильдiк бөлiм, қашқындарға iздеу салу туралы бұйрықтары, Атбасар әскери комиссариатының еңбек жасағына алу туралы қатынас қағаздары мен өкiмхаттары сақталған.ново-Киенский болыстық әскери комиссариаты бойынша қашқындықпен күресбойынша комиссияның құжаттары және қашқындар тiзiмдемесi мен мобилизация бойынша актiлер бар. Өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының тарихын зерттеу үшiн Қима аудандық атқарушы комитетiнiң, бидай кеңшарлары мен ауылдық кеңестердiң қорлары таптырмайтын дереккөз болып табылады.

Жерлестерiмiздiң қызметтiк, қоғамдық өмiрi мен қызметтерi туралы құжаттар ретiнде ҰОС ардагерлерi В.Б.Чернявскийдiң, А.П.Руденконың, Г.А.Абдрахманованың, С.Байжұманованың, «Құрмет белгiсi», Еңбек Қызыл Ту ордендерiмен марапатталған, Қаз. КСР ауыл шаруашылығының еңбек сiңiрген жұмысшысы С.М.Насыровтың және басқалардың жеке тектiк құжаттар топтамасы ұсынылған.

Мемлекеттiк архив аудан аумағында орналасқан меншiктiң барлық түрiндегi, соның iшiнде таратылған мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындардың құжаттарын есепке алу, пайдалану мен мемлекеттiк сақтауды жүзеге асырады.

Ұлттық архив қорының құжаттарымен толымдау көздерi — ұйымдардың және толымдаудың әлеуеттi дереккөздерi құжаттарымен толықтыру жолымен жүзеге асырылады.

Архивтiң толымдау көздерi — ұйымдардың әрқайсысына қадағалау iсi жүргiзiледi, оған оның заңды мәртебесi мен қызметiн, сондай-ақ мұрағат жұмысы мен құжаттарды iс жүргiзуде ұйымдастыруды сипаттайтын құжаттар енедi.

Сақталудағы құжаттардың негiзгi бөлiгi Қима, 1997 жылдан бастап Жақсы ауданының таратылған ұйымдары, ұжымшарлары мен кеңшарларының сақтау мерзiмi тұрақты құжаттарынан, сондай-ақ жеке құрам бойынша бұйрықтардан, есептiк-төлемдiк тiзiмдемелер мен жұмысшыларға еңбек ақы аударудың жеке шоттарынан, жұмысшылардың жеке iстерiнен, зейнетақы және әлеуметтiк есептеулер туралы мәлiметтерден, тұрғын үйлер мен пәтерлер мен қызметiн тоқтатқан нотариустарды жекешелендiру бойынша құжаттардан тұрады.

Мемлекеттiк архив ведомстволық архивтермен жұмыс жүргiзедi, аудан мекемелерi мен ұйымдарына әдiстемелiк көмек көрсетедi. 43 ұйым архив қорларын толымдау көзi болып табылады.

Архив құжаттардың негiзiнде әлеуметтiк-құқықтық, тақырыптық сипаттағы сұранымдарды орындайды. Жыл сайын мемлекеттiк мұрағатпен 600-ден астам сұранымдар қаралып, орындалады.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 25.08.2016 09:14

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Жақсы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»